Skip to content

«SPECTECHN» ЖШС, негізі 2001 жылы құрылған компания – өнеркәсіптік, инжиниринг және коммерциялық кәсіпорындарға қажетті электртехникалық өнімдерді көпсалалы жеткізуші.

Негізгі бағыты – кабельдік-өткізгіш бұйымдарды, аксессуарлар мен жабдықтарды жеткізу.

ТүржинақтаETABIR BIRLESIK KABLO“, PRYSMIAN GROUP, “ЭЛЕКТРОТЕХМАШ“, TELDOR, “SIEMENS” сияқты танымал өндірушілердің жоғары сапалы өнімдері ұсынылған.

  • экстремалдық механикалық жүктемелерге, майлау майлары мен салқындатқыштарға, төмен температураға, тұщы, тұзды және теңіз суына, озонға, радиацияға және ультракүлгін сәулеленуге төзімді полиуретанды қабықшалы галогенсіз жоғары икемді басқару кабельдері;
  • тұрақты иілу жүктемелері кезінде, оның ішінде кабель барабандарына орау және тарқату жағдайларында пайдаланылатын көтергіш, көліктік, конвейерлік және рельстік жүйелерде пайдалануға арналған кабельдер;
  • тау-кен өнеркәсібінде, кемелерде, верфтер мен порттарда, көпірлі крандарда және реттепсалғыштарда, сүйретілетін тізбектерде, конвейерлерде қолданылатын фестондық қондырғыларға арналған кабельдер;
  • сервоқозғалтқыштарды жиілік түрлендіргіштеріне қосу үшін төмен электр сыйымдылығы бар икемді қуат және аралас кабельдер;
  • робототехникаға арналған кабельдер;
  • әртүрлі нұсқаларда орындалған аспаптық кабельдер;
  • ыстыққа төзімді, соның ішінде коаксиалды сымдар мен кабельдер;
  • Ethernet, Profinet, Profibus желілерінде, оның ішінде ауыр өнеркәсіптік пайдалану және сүйретілетін кабельдік тізбектерде (drag chain) қолдануға арналған деректерді табыстау кабельдері;
  • ұңғымалық сорғыларға арналған суға батпалы кабельдер;
  • кеме және оффшорлық кабельдер.

Негізгі тұтыну салалары:

  • Ауыл шаруашылығы объектілері мен агроөнеркәсіптік кешендердің құрылысы;
  • Тамақ өнеркәсібінде тауарлар жасау;
  • Алкогольсіз және сыра сусындарын өндіру;
  • Металлургия;
  • Мұнай және тау-кен өнеркәсібі.

Біз сізге қажетті жабдықты жеткіземіз, сондай-ақ жан-жақты техникалық, ақпараттық және сервистік қолдау көрсетеміз.

Электртехника және автоматтандыру саласында сапалы өнімді ілгерілету біздің компаниямыздың негізгі идеясы болып табылады

Бұндай жұмыс материалдық пайда әкелумен қатар, моральдық тұрғыдан да қанағаттандырады.

Көтерме немесе арнайы бағаларды сұрау, қоймаларда тауардың болуы, коммерциялық ұсынысты немесе төлем шотын алу үшін, сондай-ақ тапсырысты рәсімдеуге және өнімді сатып алуға байланысты кез келген мәселелер бойынша бізге office@toospectech.kz электрондық поштасына сұрау жіберу арқылы хабарласуға болады.

Құрметпен, «SPECTECHN» ЖШС ұжымы


Тел. +77059825301

«Достар» БК 308 кабинет, Мекенжай Ақтау қаласы, 13 ықшам аудан, 10А корпус.